Шавкат Рахмоновтың әйелі 2 адам қаза тапқан жол апатында куәгер ретінде танылды

UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмонова екі адамның өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасына байланысты қорғау құқығы бар куәгер ретінде тергелуде, деп жазады inbussiness.kz.
– Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазір азаматша қорғау құқығы бар куәгер ретінде жауап алынды. Ол Алматы қаласындағы ауруханада ем қабылдап жатыр. Тергеу нәтижесіне сәйкес, оған қатысты процессуалдық шешім қолданыстағы заңнама аясында қабылданады. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды, – деді ведомство өкілдері.
Әлеуметтік желілерде Шавкат Рахмонов пен оның отбасын қолдауға бағытталған пікірлер мен жазбалар таралуда. Қолдаушылардың айтуынша, спортшының мансабына көлеңке түсірмеу керек, ал болған оқиға – кездейсоқ жағдай.
Кейбір дереккөздерге сүйенсек, Гүлайым Рахмонова түсініктемесінде көлікті өзі емес, апат салдарынан қаза тапқан әйелдердің бірі басқарғанын айтқан. Оның сөзінше, ұзақ жолдан кейін шаршаған соң рөлді сол адамға берген.
Сіздің реакцияңыз қандай?






