Шектеу: Астанада бір адамға 5 келіден артық картоп сатылмайтын болды
Астанада кейбір дүкендерде бір адамға 5 келіден артық картоп сатылмайтын болды. Қаланың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы «Small» және «Spar» желілеріне осындай шектеу енгізді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Басқарманың мәліметіне сүйенсек, қалада картоптың бағасын тұрақтандыру үшін қажетті шаралар қабылданып жатыр. Картоп тапшылығы жоқ деп сендірген басқарманың баспасөз қызметі.
«Ал, картопты көтерме бағада алып, оны үйдің жанындағы дүкендерде қайта сататын алып-сатарлардың жолын кесу үшін «Small» және «Spar» сауда желілерінде бір адамға 5 келіден артық картоп сатпау туралы уақытша шектеу енді», - деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз қандай?