Шенеуніктер айыппұлдың сан түрін ойлап тауып жатыр
Қазақстанның ірі қалаларында автокөлік жүргізушілеріне тағы бір айыппұл салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Экология министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Қожықов айтты.
Қазірдің өзінде Алматыда пилоттық режимде автокөлік жүргізушілері уыттылық пен түтін нормаларын асырғаны үшін жазалана бастаған. «Автокөлік құралдарынан бөлінетін газ бойынша жол карталары бекітілді. Жолкарталары аясында нақты Алматы және Астана қалалары бойынша іс-шаралар көзделген. Бұл іс-шаралардың бір бөлігі орындалды. Сатылатын ЖЖМ сапасы аясында заң қабылданды.
Сонымен қатар тексеру станциялары бойынша тиісті өзгерістер болды. Яғни, автокөлік құралдарына, атап айтқанда, автокөлік құралдарын техникалық байқаудан өту бойынша талаптар күшейтілді», - деді Ерболат Қожықов ОКҚ брифингінде.
smartnews.kz
Сіздің реакцияңыз қандай?