Шерзат Болат ісі қайта қаралатын болды

Шілде 31, 2025 - 11:24
Шілде 31, 2025 - 11:40
Шерзат Болат ісі қайта қаралатын болды
Фото: әлеуметтік желіден

2025 жылдың 18 тамызы сағат 11:00-де Шерзат Полат пен өзге де сотталғандарға қатысты апелляциялық сот отырысы өтеді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Бұл туралы Алматы облыстық соты мәлімдеді.

 Аталған іс бойынша:  А.Шынасыл — Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігінің 5, 9, 14 тармақшалары, 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 2-бөлігінің 1, 7, 9 тармақшалары бойынша;  Р.Сәкиев — 293-баптың 3-бөлігі, 24-баптың 3-бөлігі және 99-баптың 2-бөлігінің 7, 9 тармақшалары бойынша;  А.Тоқтаубаев — 293-баптың 3-бөлігі және 188-баптың 1-бөлігі бойынша;  Ш. Белғожаев, Д.Әскентай, Н.Ільясов, Н.Тоқтаубаева және Д.Қалиахмет — 293-баптың 3-бөлігі бойынша;  Д. Ысқақ — 434-бап бойынша сотталған. 

Еске салайық, бірінші инстанцияның үкімі 21 маусымда заңды күшіне енген болатын. Алайда сотталғандар белгіленген мерзімде апелляциялық шағым түсірген. Сол істің фигуранттарының бірі – Д.К.Ысқақ қамаудан босатылды. Сот оның бұлтартпау шарасын жойған.

Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл іс қайта қаралмақ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow