Шерзат ісі: сотталушыларға үкім шықты
Басты айыпталушыға – 23 жыл: Шерзат Полатты өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты.

Талдықорғандағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Ержан Жанұзақов жасөспірім Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталған 9 сотталушыға үкім шығарды, деп жазады Stan.kz.
Сот қаулысымен басты күдікті Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша айып тағылды.
Екінші сотталушы Равиль Сакиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Судья оны Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық), 99-бабы 3-бөлігі (Кісі өлтіруге оқталу), 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша кінәлі деп таныды.
Ал Шыңғыс Белғожаев 7 жылға сотталды. Оған Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша айып тағылған.
Дархан Әскентай 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылды.
Нұрқияс Ілиясов 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылды.
Ал Нұрбол Тоқтаубаев 7 жылға сотталды. Оған Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша айып тағылған. Оның туысы Азамат Тоқтаубаев 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бап (ұрлық) бойынша айып тағылған.
Дидар Қалиахмет Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Кәмелет жасына толмаған Думан Ысқақ Қылмыстық кодекстің 434-бабы (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша кінәлі деп танылып, 1,5 жылға сотталды.
Айта кетейік, бұған дейін прокурор Дана Сәрсенбай сотталушыларға 1 жыл 6 айдан 23 жылға дейін жаза беруді сұраған еді.
Еске салайық, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқанеді. Оның өлімі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Марқұмның әкесі туыстарымен және жергілікті тұрғындармен бірге әділ тергеу жүргізуді талап етіп, наразылық ұйымдастырды. Бірнеше күннен кейін, 12 қазанға қараған түні Нұрымовтар отбасының үйі толығымен өртеніп кетті. Бас прокуратура өрттің қасақана жасалғанын мәлімдеді. Алайда үйді өртегенкүдіктілер әлі күнге табылған жоқ.
Ал 2024 жылдың 9 желтоқсанында марқұмның ағасы 30 жастағы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі қала шетінен табылған. Дәрігерлердің қорытындысына сәйкес, ол өз-өзіне қол жұмсаған.
Сіздің реакцияңыз қандай?






