Шығыс Қазақстанда тағы 3 жолда көлік қозғалысы шектелді

Қараша 5, 2025 - 17:32
 0  12
Шығыс Қазақстанда тағы 3 жолда көлік қозғалысы шектелді
Фото: ҚазАвтоЖол

Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше жолда кейбір көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды, деп хабарлайды sadaq.kz.

"Өскемен-Тарғын-Самар тасжолының 63-145 шақырымында, Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік тасжолының 18-60 шақырымында және Теректі-Ұрұнхайка-Төсқайың тасжолының 7-57 шақырымында кез келген үлгідегі тіркемелері немесе жартылай тіркемелері бар жүк көліктері мен тракторлардың қозғалысы үшін шектеулер енгізіледі. Сондай-ақ облыстық маңызы бар жолдарда механикалық көлік құралдарын сүйретуге тыйым салынады", – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, көлік жүргізушілері жолдағы шектеулерге қатысты ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласып ала алады.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0