«Шымкент әкімдігі 300 млн теңге бөлген, бізге тегін қатыс дейді»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге еңбекақы бермейтіндерге шағым айтты

Маусым 2, 2025 - 16:46
Маусым 2, 2025 - 16:48
«Шымкент әкімдігі 300 млн теңге бөлген, бізге тегін қатыс дейді»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге еңбекақы бермейтіндерге шағым айтты

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова «Той-думан» радиосы өкілдеріне шағым айтты, деп жазады Sadaq.kz. Әнші Шымкент қаласында өтетін «Той-думан» фестивалінде тегін өнер көрсетпейтінін жеткізді. 

«Той-думан» радиосының фестивалі өтеді екен. Шымкент әкімдігі 300 миллион теңге бөліпті. Әншілерге тегін қатысыңдар деп хабарласып тұр. Мен қарсымын. Көрермен әншіге келеді. Неге әншінің еңбекақысын төлемейсіздер?! Әкімдікке претензиям жоқ», – деп жазды эстрада жұлдызы. 

Әншінің жазбасына «Той-думан» радиосы жауап қатып, оны жалған ақпарат таратып отыр деп айыптады. 

«Әуелі 200-300 миллион теңге деген соманы дәлелдеуіңізді сұраймыз. Шымкент қаласы әкімдігі фестивалді алаң, өрт сөндірушілер, полиция, жедел жәрдем секілді қызметтерімен қамтамасыз етеді. Бірақ сіз атап отырған сома ешқашанда болған емес. Бұл жазбаңыз «Той-Думан» телерадиокорпорациясы мен Шымкент қаласы әкімдігіне қатысты жалған ақпарат таратып, халық арасында наразылық тудырып отырсыз. Әрі қарай сізбен біздің заңгерлер тілдесетін болады», – деп жазды аталған радионың өкілі. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow