Шымкент тұрғыны қарбыз арасына есірткі өсірген
Шымкентте «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі өсірген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Полицейлердің мәліметінше, күдікті өз үйінің аумағында қарбыз егілген жердің арасына құрамында есірткісі бар 130-ға жуық өсімдік өсірген. Тінту кезінде 330 келіден астам есірткі шикізаты мен сатуға дайындалған өнім тәркіленді.
Аталған дерек бойынша есірткіні өткізу мақсатында сақтау және құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, есірткіні өткізу арналары мен іске қатысы бар өзге тұлғалар анықталуда.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0