Шымкент тұрғыны туысын көміп тастап, 1,5 жыл бойы түк болмағандай жүрген

Сөзі жараспаған ағайындылардың бірі соққыға жығылып, өлім құшқан.

Маусым 5, 2025 - 11:03
Маусым 5, 2025 - 12:13
Шымкент тұрғыны туысын көміп тастап, 1,5 жыл бойы түк болмағандай жүрген

Шымкент тұрғыны өз туысын ұрып өлтіріп, бақшаға көміп тастаған, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz

Марқұмның денесі анасының бау бақшасында 1,5 жыл бойы жатқан. Сотталушы Тимурдың айтуынша, бәрі ішімдік ішуден басталып, көңілді отырыстың соңы жанжалға ұласқан. Сөзі жараспаған ағайындылардың бірі соққыға жығылып, аяғы өліммен аяқталған.

Мұнан соң мәйітті көміп, ештеңе болмағандай өмір сүрген. Ал анасы болса, баласын іздеп, полицейлерге шағым түсірген. Ол марқұм баласын күте-күте өмірден өткен соң, сотталушы өз кінәсін мойындаған. Күдікті бұл әрекеті үшін 8 жылға сотталды. Ол №54 түзеу мекесінде жазасын өтеп жатыр. Қазір бұл істеген қылмысына өкініш білдіріп отыр.

«Адамның өзіне байланысты, өзгергісі келсе, өзгереді. Сынақтан сабақ алады. Өзім заң талаптарын бұзбай, дұрыс өмір сүруді үйреніп жүрмін. Бұл жерде тәртіп қатаң. Бәрі өз уақытымен. Әркім өзінің бұзақылығы үшін жауап береді. Балабақша емес қой. Заң бұздың ба, жауап беруге міндеттісің. Менде барынша тырысып жүрмін. Тәртіпті сақта деді, сақтаймын», - дейді Тимур.

Сотталушы жазасының үш жылын өтеп үлгерді. Үйленген, баласы бар. Олармен уақытылы, заң талаптарына сай кездесіп тұрады.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow