Шымкентте тағы бір әйел пышақ жарақатынан қаза тапты
Шымкентте жол бойында кетіп бара жатқан әйелді ер адам пышақтап, оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті жәбірленушіге өзара араздық негізінде пышақ жарақаттарын салған. Оқиға туралы полицияға куәгерлер хабарлаған.
«Полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ұстау кезінде қарулы күдікті қарсылық көрсеткендіктен, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болды», – делінген полиция хабарламасында.
Күдікті медициналық мекемеге жеткізіліп, уақытша полицияның бақылауында. Қазір Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0