Шорт-тректен Әлем чемпионаты: Қоржында екі медаль!

Ақпан 4, 2026 - 00:32
Ақпан 4, 2026 - 00:33
 0  1
Шорт-тректен Әлем чемпионаты: Қоржында екі медаль!
Фото: Olympic.kz

АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы шорт-тректен әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының қоржыны екі қола медальмен толықтырды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Жарыстың алғашқы күндерінде-ақ Богдан Вехов 1000 метрлік қашықтықта жоғары шеберлік көрсетті. Ол мәре сызығын үшінші болып қиып, әлемдік доданың қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ спортшы 1500 метрлік қашықтықта да В финалына жолдама алып, тұрақты нәтиже көрсетті.

Әйелдер арасындағы эстафеталық бәсекеде Қазақстан намысын Полина Омельчук, Нұрия Алпысбай, Гүлдана Жалмұхан және Анастасия Галечина қорғады. Табанды күрестің нәтижесінде төрттік үшінші орынға ие болып, қола медаль иеленді. Полина Омельчук жекелей сында да үздік бестікке еніп, 1000 метрде төртінші орын алды.

Жалпы есепте қазақстандық спортшылардың деңгейі өте жоғары болды. Богдан Веховтан бөлек, Павел Цой мен Тамирлан Жолдас 500 метрлік қашықтықта В финалына өтті. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0