Сырдарияда сең қозғалды: Қызылорда облысында 30-ға жуық елді мекен су астында қалуы мүмкін

Ақпан 21, 2025 - 16:34
Сырдарияда сең қозғалды: Қызылорда облысында 30-ға жуық елді мекен су астында қалуы мүмкін

Сырдарияда сең қозғалды. Қазіргі таңда өзен арнасы бақылауға алынып, азаматтық қорғау қызметі дайындық жасап жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков өңірге барып, жағдайды бағамдады.

Бүгінде өзеннің Қызылордаға дейінгі бөлігі мұздан толық тазарған. Сірескен сең ақырындап қала тұсынан өтіп жатыр. Ал қауіпті саналған 5 учаске бақылауда. Қазір солтүстік аудандардағы мұздың қалыңдығы 20-40 см. Аймақта су басу қаупі жоғары 29 елдімекен болса, ондағы халық саны 70 мыңға жуықтайды. 

Мамандар болжамынша, Сырдариядағы сең наурыздың орта шенінде Арал теңізіне жетуге тиіс.
“Сеңнің жүруі байқалды. Қазіргі уақытта қорғаныс бөгеттері қалыпты жағдайда. Облыста 61 эвакуациялық жинақтау және 71 эвакуациялық қабылдау пункті орналасқан. Сонымен қатар 22 уақытша орналастыру пункті, 13 жылыту пункті жұмыс жасайды", – деді облыстық ТЖД басқарма бастығы Бейбітхан Спанов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow