Сыртқы істер министрі АҚШ-тың мемхатшысымен сөйлесті

Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесті,
Тараптар саяси диалог пен экономикалық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аудара отырып, кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.
«Жаһандық қауіпсіздік пен өңірлік тұрақтылықты қоса алғанда, бірқатар маңызды халықаралық мәселе бойынша пікір алмасу болды. Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жоғары динамикасын қамтамасыз ету үшін тұрақты байланыстарды қолдауға келісті», - делінген СІМ хабарламасында.
Сіздің реакцияңыз қандай?






