Смартфонға тәуелді жігіттің басы «салбырап» қалған

Мамыр 19, 2025 - 11:43
Смартфонға тәуелді жігіттің басы «салбырап» қалған

25 жастағы жапон тұрғыны смартфонға тәуелділіктің сирек кездесетін және қорқынышты салдарымен бетпе-бет келді - ол мойын бұлшықеттерін игеру мүмкіндігін мүлдем жоғалтып, басын көтере алмай қалған, деп жазады Sadaq.kz. Дәрігерлер оған жылдар бойы табиғи емес дене жағдайынан туындаған "салбыраған бас синдромының" ауыр түрі деген диагноз қойған.

Аты-жөні жарияланбаған науқас бала кезінен белсенді бала болған, бірақ мектептегі буллингтен кейін ол тұйықталып, оқуын тастап, барлық уақытын телефонға телмірумен өткізген. Жылдар бойы мойнын қозғалтпай бүгілген күйі отыру  омыртқаның деформациясына әкелген.

Уақыт өте келе жігіттің мойын бұлшықеттері әлсіреп, басын көтеруге қауқарсыз болып қалған. Сонымен қатар тамақ жұтуда қиындықтар туындап, дене салмағын күрт жоғалта бастаған.

Дәрігерлер бастапқыда арнайы мойын тіреуіштерін қолданғанымен, нәтиже болмаған соң бірнеше кезеңнен тұратын күрделі ота жасады. Қисайып қалған омыртқа бөліктері мен зақымданған тіндер алынып, орнына темір таяныштар орнатылды. Алты айдан соң науқас басын қайта көтере алатын болған, сөйтіп омыртқасы жа қалпына келе бастаған. Бір жылдан кейін жағдайы тұрақты деп танылды.

Бұл оқиғаны смартфонды ұзақ уақыт қолданудың адам ағзасына, әсіресе омыртқаға тигізер зияны туралы нақты ескерту деп қабылдауға болады. Дәрігерлер жастарға дене қалпын дұрыс ұстауға, телефонды ұзақ қолданудан аулақ болуға, үнемі қозғалыста болуға кеңес береді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow