Соңғы 47 жылда болмаған ауа-райы: Синоптиктер биыл крещение аязының болмайтынын хабарлады
Қазақстанда биыл қыс ең жылы ауа райымен температура рекордын жаңартты. Синоптиктер тіпті қаңтарда сарышұнақ аяз (крещенские морозы) болмайтынын мәлімдеді. Ал экологтар мұның салдары су тасқыны мен құрғақшылыққа әкеп соғатынын ескертіп жатыр, деп хабарлады КТК арнасы
Синоптиктердің мәліметінше, өткен айда көптеген аймақтарда ауа райы нормадан 1-6 градусқа асып кеткен. Бұл – кейінгі 47 жылдағы ең жылы қыс. Тіпті қыстың басында термометрлер минус 30-ға дейін төмендейтін елдің солтүстігінде де биыл ерекше жылы болып жатыр.
“Облыс бойынша бір айдағы орташа ауа температурасы 8-9 градус аяз болды. Бұл нормадан 4-6 градусқа жоғары. 19 желтоқсанда Петропавл қаласында термометр бағанасы +1,3 градусқа дейін көтерілді. Осылайша, 1978 жылғы ауа температурасы күндіз +0,8 градус болған кездегі рекорд жаңартылды”, – деді "Қазгидромет" РМК СҚО бойынша филиалының метеопрогноздар бөлімінің бастығы Гүлзат Ғазизова.
Жылдың осы уақытында солтүстікте өзендердегі мұздың қалыңдығы әдетте кем дегенде 50 сантиметр болып келген. Ал Петропавлда қазір ол небәрі 15 сантиметр. Осыған байланысты қалада шомылдыру рәсімін өткізу әдеттегі орынды өзгертуге тура келді. Енді мерекелік рәсім жақын маңдағы ауылда өтеді. Гүлзат Ғазизова шомылдыру рәсімінде биыл Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары үйреніп қалған минус 30 немесе одан төмен градус болмайтынын айтты.
Ал экологтар мұндай өзгерістерді аномальды жаһандық климаттың өзгеруінің нәтижесі деп атайды. Мамандардың айтуынша, шамадан тыс көліктер мен құрылыстар, қозғалыстың бәрі атмосфераның салқындауына мүмкіндік бермей жатыр. Мұның салдары қорқынышты болуы мүмкін.
“Бізде көліктер күндіз-түні қыздырылады. Мұның бәрі атмосфераға әсер етеді. Біріншіден жылы қыс салдарынан үлкен құрғақшылық болады. Екіншіден, жауын-шашын азаяды. Ал жауған жауын-шашын өте тез еріп, су тасқыны секілді залал келтіреді”, – деді эколог Тимур Елеусізов.
Сіздің реакцияңыз қандай?