«Соңғы екі жылда үнемі біргеміз»: Олжас Абай Дариға Бадықова екеуінің қарым-қатынасы туралы айтты

Ақпан 19, 2026 - 12:38
Ақпан 19, 2026 - 13:05
 0  41
«Соңғы екі жылда үнемі біргеміз»: Олжас Абай Дариға Бадықова екеуінің қарым-қатынасы туралы айтты

Танымал актер Олжас Абай Дариға Бадықова екеуіне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өнер иесі  «Время» газетіне берген сұхбатында жеке өмірін жария етпеуге тырысқанымен, кейбір маңызды нәрселерді айтты. 

Ол Дариғаның өмірінде ерекше орын алатынын жасырмады.

«Менің өмірімде он жылдық үзіліс болды. Алға жылжи алмадым, күш жетпеді. Тіпті кейде өзімді артист екенімді ұмытып кететінмін. Сол кезде Құдай маған Дариғаны жібергендей болды. Әрдайым айта бермеймін, бірақ ішімнен оған ризамын», – деді Олжас.

Актер екеуінің мінездері ұқсас екенін де атап өтті.

«Екеуміз де қызуқанды, екеуміз де лидер. Кейде түске дейін жиырма рет ұрысамыз, кейде күні бойы сөйлеспейміз. Бірақ бізді ортақ шығармашылыққа деген үлкен қызығушылық табыстырады», – деді ол.

Соңғы екі жылда олар бір-бірін жақсырақ танып, өмірлік мақсаттарын нақтылаған.

Жеке өмірге қатысты сұрақтарға Олжас ашық жауап бермесе де, бірге демалғандарын жоққа шығармады. Мысалы, Мальдив аралдарындағы демалыс жайлы сұраққа күліп жауап берді. 

«Иә, әрине бірге демалдық. Біз төрт жылға жуық бірге жұмыс істеп келеміз, соңғы екі жылда үнемі біргеміз», – деді ол.

Алайда «ерлі-зайыптысыздар ма?» деген сұраққа нақты жауап бермеді.

«Жеке өмір туралы осы жерден тоқтайық. Кім көрді – өзі ойласын», – деп шектелді.

Олжас Адайдың айтуынша, екеуі жеке өмірін жарияламауға әдейі келісім жасаған.

«Қарым-қатынас бар ма, жоқ па – жарияламаймыз деп келістік. Егер бәрін ашық айтсақ, адамдардың қызығушылығы басылады», –деді актер.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 1
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0