«Соңы жақсы болмайды»: Шымкентте «лайк баспаған» қызметкерлер қудаланып жатыр (ФОТО)

Сәуір 17, 2025 - 12:22
Сәуір 17, 2025 - 15:31
«Соңы жақсы болмайды»: Шымкентте «лайк баспаған» қызметкерлер қудаланып жатыр (ФОТО)
Фото: Pixabay.com

Шымкент қаласындағы “Жастар ресурстық орталығының” ішкі ахуалы мәз емес. Қызметкерлердің айтуынша, басшылық әлеуметтік желідегі белсенділікті, яғни “лайк” басу-баспауын қатаң бақылауға алып, лайк баспаған әріптестеріне қысым көрсетіп, ресми ескерту жасап жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Кейбір қызметкерлердің жүйкесі сыр беріп, денсаулығы нашарлаған. Бүгін ғана осындай қысымға шыдай алмаған орталық қызметкерінің бірі есінен танып, жедел-жәрдем шақыруға тура келген. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

“Шымкент қалалық “Жастар ресурстық орталығында” береке қашты. Жастар орталығы өзінің ішіндегі қызметкерлерін қудалап, лайк баспаса, қысымға алып, ескерту жасап жатқаны жайлы қызметкерлер редакциямызға шығып жатыр.Жастар орталығы қаламыздың жастар мәселесін шешеді дегенге сеніңкіремейтін едік, енді лайк басқан-баспаған қызметкерлерін тізіп, тексеріп, өздері хатта жазғандай тырнақша ішіндегі “ескерту” жасап, жұмыс жасауына кедергі келтіріп жүрсе, оңбайды..” - деп жазды Азат Дидарбек.

Возможно, это изображение 2 человека, больница и текст

"Жастар мәселесін шешеміз" деп құрылған мекеме енді "жастарды емес, жастармен жұмыс істейтіндерді" бақылауға көшкен бе деген заңды сауал туындайды.

“Бұлай жалғаса берсе, арты жақсы болмайтыны анық! Жастардың мәселесімен емес, мәселе көтерген жастармен айналысатын орталықтың басшысы қызметін асыра пайдаланып жүр ме екен?", - дейді Азат Дидарбек.

Жапа шеккен орталық қызметкерлері қала басшылығынан көмек күтеді. 

Бұған дейін журналист Диас Нұрақын да осындай жазба жариялаған еді. Айтуынша, басқарма басшысы лүпіл қоймағандарды тізімдеп, жиналыста жұрттың көзінше масқаралайтын көрінеді.

"Бәленің бәрі Шымкенттен шығады деуге аузым бармайды. Бірақ мына сорақылық солай айтуға мәжбүрлеп тұр.
Шымкенттегі “Жастар ресурстық орталығының” басшысы әлеуметтік желідегі “акиматовский” жазбаларға лайк баспаған қызметкерлерін жаппай жазалай бастапты. Тіпті лүпіл қоймағандарды тізімдеп, жиналыста жұрттың көзінше масқаралайтын көрінеді. Жиналысқа салғаны былай тұрсын, бұйрық шығарып ресми түрде “ескерту” жасалыпты.
Лайк басу, баспау әркімнің өз шаруасы. Қинап, қыстауға ешкімнің қақысы жоқ. Бұрын осындай жұмыстарға мұғалімдерді жегуші еді. Енді әлеуметтік желінің тілін түсінетін жастарды “лайкшыл” жасауда. Лайкқа лайық жазбаны жұрт онсызда оқиды, таратады, бөліседі. Шымкенттегі шолақбелсенділерге соны жеткізіңдерші халайық!!!", - деп жазған желіде. 
 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow