«Соңы жақсылыққа апармайды»: Мемлекеттік кірістер комитеті Геннадий Головкинге ескерту жасады
Олардың арасында блогерлер, әзілкештер, вайнерлер, тіпті Геннадий Головкин де бар.
![«Соңы жақсылыққа апармайды»: Мемлекеттік кірістер комитеті Геннадий Головкинге ескерту жасады](https://sadaq.kz/uploads/images/202502/image_870x_67b4224a7f727.jpg)
Салық органдарының блогерлерге қарсы жорық бастағаны рас болып шықты, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін Әлішер Елікбаев өзі секілді блогерлерге салық органдары тарапынан "миллиондаған қарызың бар" деген хабарламалар келе бастағанын айттқан еді. Айтуынша, Елікбаевтың өзі салық комитетінен қомақты қарыз туралы хат алған. Тіптен кейбір блогерлердің салықтық қарызы 300 000 000 теңгеге дейін жеткен. Олардың арасында блогерлер, әзілкештер, вайнерлер, тіпті Геннадий Головкин де бар.
"Бұл рекорд жаңарту шығар. 300-400 миллион теңгеден төлеуге міндеттелген блогерлер бар. Бірнеше досыма 100 миллион теңгеге жуық келген. Енді олар: "салық төлеп, тыныш ұйықтаңыздар" деп айта бастады. Алайда бұл айтып отырған жігіттердің барлығы төлеуге тиіс салығын бұрын өтеген. Сондықтан таңғалып отырмыз. Қазір көпшілік салық комитетінің есігін тоздырып жүр. Енді әр тиын үшін есеп беруге тура келіп тұр", - деп жазған ол өзінің Instagram парақшасында.
Мемлекеттік кірістер комитеті 594 блогердің 53,3 млрд теңге көлеміндегі кірісін жасырып қалғанын анықтапты. Нәтижесінде цифрлық контент авторларына 30 жұмыс күні ішінде салық төлеу немесе түсініктеме беру туралы хабарламалар жіберілген. Белгілі болғандай, блогерлер онлайн-жарнама, оқыту, ұтыс ойындары жәнебасқа да цифрлық қызметтерден түскен кірістерін көрсетпеген.
Сіздің реакцияңыз қандай?
![like](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/like.png)
![dislike](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/dislike.png)
![love](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/love.png)
![funny](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/funny.png)
![angry](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/angry.png)
![sad](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/sad.png)
![wow](https://sadaq.kz/assets/img/reactions/wow.png)