«Соңын қиып тастаған»: Сабыржан Түзелбаев «өртің көп болсын» деген сөзіне жауап берді

Тамыз 10, 2026 - 12:06
app_badging Тамыз 10, 2026 - 12:08
chat_bubble  0 visibility  8
«Соңын қиып тастаған»: Сабыржан Түзелбаев «өртің көп болсын» деген сөзіне жауап берді
Фото: Видеодан скрин

Танымал асаба Сабыржан Түзелбаев тойда өрт сөндірушіге айтқан тілегіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұған дейін асабаның «өртің көп болсын» деген сөзі  әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің ашуына тиді. Асабаның сөзінше, желіде тараған видео толық нұсқада жарияланбаған. Сөзінің маңызды бөлігі қиылып қалған.

«Өрт сөндіруде жұмыс істесең, жұмысың жоқ болсын. Өрт болмасын. Жұмыстан шығып, басқа жұмысқа тұрыңдар дедім. Бұл жерде артық әңгіме болып жатқан жоқ. Сондай контент болып қалады. Соңын қиып тастаған. Ол: «Қайда жұмыс істейсің? Пожаркада» деп басталған әзіл. «Өртің көп болсын» десең, иә, бірақ «Алла сақтасын» деген жерін қиып тастаған. Жазда өрт көп болады екен ғой өзі. Өрт болмасын. Су тасқынынан, жол апатынан, өрттен сақтасын», – деді ол.

Асаба жаз мезгілінде өрттің жиілейтінін айтып, өрт сөндірушілердің жұмысына алаңдайтынын жеткізді.

Айта кетейік, соңғы уақытта асабаның тойдағы сөзі мен іс-әрекеттері әлеуметтік желіде көп талқыланып, көпшіліктің сынына ұшырап жүр. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0