«Сотқа беру маған ұят»: Ұлықпан Жолдасов танымал ақынның әнін ұрлап алған ба?

Ақпан 2, 2026 - 14:11
 0  189
«Сотқа беру маған ұят»:  Ұлықпан Жолдасов танымал ақынның әнін ұрлап алған ба?
фото: видеодан скриншот

Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Серік Ақсұңқарұлы Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында композитор, әнші Ұлықпан Жолдасов орындап жүрген «Табиғатым - махаббатым» әнінің авторы өзі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.

«Бұл әннің авторы мен. Мен мұны 20 жасымда Қарқаралыда бір қызға - Ләйліге ғашық болып жазғам. Мұны бүкіл Қарқаралы біледі. Алматыда жүрген Ерлан Төлеутай да менің әнім екенін біледі. Журналист Мағауия Сембай «Орталық Қазақстан» газетіне де жазды, Ақсұңқарұлының өлеңі, мұны кезінде біз таратқанбыз деп. Бұл әнді Алматыға апарып, студенттер арасында таратқан. Біз авторлық құқық дегенді білмейміз о заманда. Біреу менікі дейді, тағы біреуі менікі дейді, сөйтіп иемденіп кеткен. Соны Ұлықпан, сосын тағы біреу айтып жүр дейді. Бұл менің өлеңім. «Бұлбұлдар сайраса, сайраса есіңе ал, Өмірдің сырласу кеші бар. Сүюді білмейтін адамның Осынау өмірде несі бар», - деген өлең кітабымда тұр. Әні де, сөзі де менікі. 1970 жылдары «Махаббат бұлбұл» деп жазғам. Мынау «Табиғатым» деп бұзып алыпты. Менің жұбайым Ғалия ыза болады, әннің авторымын деп біреулер иемденіп кеткеніне. Менде ән көп қой, ұрлай берсін деймін оған. Ұлықпан Маңғыстаудың жігіті екен. «Анауыңа айтсайшы» деп Светқалиға (Нұржан) да айтайын дегем, ұмытып кетіппін», - дейді ақын.

Серік Ақсұңқарұлы әнін «ұрлаған» Ұлықпанды сотқа беретін ойы жоқ екенін айтты.

«Сотқа беру маған ұят қой. Алса, ала берсін», - дейді ақын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 1
Сұмдық Сұмдық 1
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0