Спорт премиясы: «Үздік-2025» сыйлығының жеңімпаздары кімдер?

Желтоқсан 26, 2025 - 14:41
 0  8
Спорт премиясы: «Үздік-2025» сыйлығының жеңімпаздары кімдер?
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтының мәлімдеуінше, Туризм және спорт министрлігінің жыл сайынғы дәстүріне айналған «Үздік-2025» спорт сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды sadaq.kz.

Үздіктер қатарында:

«Жылдың үздік спортшысы» – Алуа Балқыбекова (бокстан 2 дүркін әлем чемпионы), Айдос Сұлтанғали (грек-рим күресінен қазақстандықтар арасында 26 жылдан кейін әлем чемпионы атанған балуан), Файна Мейірманова (жеңіл атлетикадан Сурдлимпиада ойындарының чемпионы);
«Жылдың үздік жаттықтырушысы» – Долкунжан Камеков (Алуа Балқыбекованың жаттықтырушысы), Ғабиден Райымбек (Айдос Сұлтанғалидің жаттықтырушысы);
«Спорттағы үздік серпін» – Дастан Сәтпаев («Қайрат» клубының ойыншысы);
«Жас және жасөспірімдер құрамындағы спортшы» – Ақмарал Ерекешева (көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасында тұңғыш әлем чемпионы), Дінмұхаммед Раймқұлов (фристайл-акробатикадан тарихи әлем чемпионы), Ксения Прозорова (ауыр атлетикадан әлем чемпионы);
«Жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясы» – Қазақстан бокс федерациясы (2024 жылы төрт бірдей әлем чемпионатына қатысып, рекордтық 13 алтын медальді жеңіп алды);
«Үздік спорттық өңір» – Қызылорда облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы (Қызылорда қаласында 11 мың жанкүйерге арналған футбол стадионы ашылды);
«Жылдың үздік спорт ұйымы» – Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы.


«Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорттан нұсқаушы» – Сержан Баденов (Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылдық округі);
«Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі» – Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі (Bugyly Trail атты халықаралық жүгірісті өткізеді);
«Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы» – Владимир Шалыгин (Қостанай облысы, шаңғыдан жаттықтырушы);
«Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман» – Мейрам Нұртазин (Астрана қ.);
«Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы» – Хислат Мамметов (әйелдер күресінен U17 санатында әлем чемпионы Мадхия Усманованы дайындады);
«Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт әдіскері» – Алтынбек Сарбупин (Ақтөбе облысы);
«Үздік спорт меценаты» – FREEDOM компаниясы;
Сейдахмет Бердіқұлов атындағы номинацияның жеңімпаздары – Азат Смағұлов (Qazsport телеарнасы), Қанат Байұзақов (Elordainfo.kz сайты), Әсел Әбілбек (BAQ.KZ сайты), Тұрар Қазанғап (Beles.kz сайты).

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 2
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0