«Жігіті де дзюдошы»: Әбиба Әбужақынова сырғалым атанды (ВИДЕО)
Дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбиба Әбужақынова “сырғалым” атанды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Сырғалым атандым… Бірақ спорттан кеткен жоқпын. Алда – 2028 жылғы Жазғы Олимпиада!", – деді ол жазбасында.
Белгілі болғандай, Әбибаның таңдауы Ермахан Әнуарбеков есімді спортшыға түскен.
Ермахан Әнуарбеков – дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі. Ол Almaty Junior Asian Cup турнирінің жеңімпазы, Қазақстан чемпионы және спорт шебері атанған.
Сонымен қатар спортшы халықаралық Grand Slam және Grand Prix турнирлеріне қатысып, тәжірибе жинақтаған.
Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова алдағы уақытта да спорттағы мансабын жалғастырып, 2028 жылғы Олимпиада ойындарына дайындалатынын мәлімдеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0