«Сусынға есірткі қосып береді»: ІІМ ескерту жасады

Мұндай қылмыстардың құрбандары дәрменсіз күйге түсіп, тонау, зорлық-зомбылық және басқа да қауіп-қатерлерге ұшырауы мүмкін.

Ақпан 12, 2025 - 10:52
 0  1.1k
«Сусынға есірткі қосып береді»: ІІМ ескерту жасады

Соңғы уақытта дәмханаларда сусынға есірткі қосу жағдайы жиілеген. Осыған байланысты полиция ескерту жасап, халыққа үндеу жасады, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.

Полицияның мәліметінше, соңғы жыл ішінде елімізде 8 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды. Олардың ішінде сусындарға есірткі заттарын араластыру жағдайлары жиі кездеседі.

"Мұндай қылмыстардың құрбандары дәрменсіз күйге түсіп, тонау, зорлық-зомбылық және басқа да қауіп-қатерлерге ұшырауы мүмкін. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін полиция сұйықтықтағы есірткіні анықтайтын экспресс-тесттерді қолдануды ұсынады. Бұл шағын әрі қолдануға оңай жолақтарды дәріханалардан сатып алуға болады: олар бар болғаны бір минут ішінде қауіпті заттардың бар-жоғын анықтауға көмектеседі", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бұл әдіс арнайы білімді қажет етпейтіні әрі адам өмірін сақтап қалуға септігін тигізетіні айтылды.

Сақ болыңыз және осы сақтық шараларын достарыңыз бен жақындарыңызға ескертіңіз, – деп ескертті полиция қызметкерлері.

 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 2
😡 Сұмдық 1
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0