«Сүріндім деп ойлама»: Алмат Сақатов Мақсат Ақановқа араша түсті

Қыркүйек 17, 2026 - 16:10
app_badging Қыркүйек 17, 2026 - 16:21
chat_bubble  0 visibility  11
«Сүріндім деп ойлама»: Алмат Сақатов Мақсат Ақановқа  араша түсті
Фото: Видеодан скрин

Танымал актер Алмат Сақатов әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, айтыскер ақын Мақсат Ақановқа араша түсті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ол ақынның бір қателігі үшін оны жаппай сынаудың қажеті жоқ екенін айтып, қолдау білдірді.

«Ақынға тиіспеңдер! Ақын тентек болуы керек. Ақын бауырым бір сүрініп еді, жалынан алып жамбасына дейін жыртып жатырсыздар. Мақсат, сен сүріндім деп ойлама. Сен кімнің кім екенін осы күндері біліп алдың», – деді Алмат Сақатов.

Айта кетейік, ақын Маңғыстау облысының Шайыр ауылында өткен айтыста әдепсіз сөздер айтып, сахнаға мас күйінде шыққан. 

Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы Аманжол Әлтай орын алған келеңсіздікке байланысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, бұл шара Одақтың ресми жоспарынан тыс әрі жеке кәсіпкерлер мен демеушілердің тарапынан ұйымдастырылған. 

Қабылданған шешімге сәйкес, ақын Мақсат Ақанов алдағы алты ай бойы Одақ ұйымдастыратын ресми айтыстар мен шараларға қатысу құқығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0