Талдықорғанда үй өртенді: Отағасы мерт болды, әйел мен 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр

Қаңтар 4, 2025 - 16:10
Талдықорғанда үй өртенді: Отағасы мерт болды, әйел мен 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр

31 желтоқсанда Талдықорғанда жекеменшік екі қабатты үйде газ-ауа қоспасының жарылуынан өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Талдықорғанда Бекпаевтар отбасының үйі өртенді. Онда күйеуі, әйелі және олардың төрт баласы тұратын. 2024 жылдың соңғы күні үй мен отбасының барлық мүлкі өртеніп кетті.

Өрттен отағасы мен оның әйелінің денесінің 98%-ын күйік шалған. Салдарынан ер адам мерт болды, ал әйелі Данияның жағдайы өте ауыр.
Балалар да ауыр күйікпен ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде жатыр.

Мерт болған Ерлан Бекпаевтың анасы халыққа үндеу жасады.

"Айыптамаңыз, кінәлілерді іздемеңіз. Біз қорқынышты қайғыны бастан өткеріп жатырмыз. Бізге тек сіздердің түсіністік пен қолдаулар маңызды", — деді Күләш Бекпаева.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow