Талғарда 83 мұғалімнің айлығынан заңсыз МӘМС жарналары ұсталған

Алматы облысында прокуратураның араласуымен мұғалімдерге заңсыз ұсталған жарналар қайтарылды, деп хабарлайды sadaq.kz.
“Талғар ауданының білім бөлімі 83 мұғалімнің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты төлемдерін заңсыз ұстаған, олар заң бойынша мұндай төлемдерден босатылған. Олардың арасында көпбалалы аналар, мүгедектер, магистратура және докторантура студенттері бар. Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде мұғалімдердің құқықтары қорғалып, ұсталған сомалар толық көлемде қайтарылды”, – деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Сонгдай-ақ прокурорлар азаматтар мен жұмыс берушілерді, азаматтардың құқықтарының бұзылуын болдырмау үшін жарналардың дұрыс төленуіне мұқият назар аударуға шақырып отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?






