Қазақ елі Талғат Мұсабаевты ақтық сапарға шығарып салды

Тамыз 6, 2025 - 11:37
Тамыз 6, 2025 - 11:46
Қазақ елі Талғат Мұсабаевты ақтық сапарға шығарып салды
Фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

Ғарышкер батыр Талғат Мұсабаевты халық соңғы сапарға шығарып салды. Қаралы жиында сөз сөйлеген әрбір адам ғарышкер туралы лебіздерін жеткізді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қаралы хабар жете салып, президент қаралы жиынды ұйымдастыруды тапсырды, деп бастады жиында алғашқылардың бірі болып сөз сөйлеген мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин.

“Ғарышкер болу оңай емес, оған таудай талап, қайтпас қайсар, темірдей тәртіп керек. Ол алған бетінен қайтпайтын, мақсатына жетпей қоймайтын азамат еді. Тұғырлы тұлға ретінде қалыптастырған да сол мінезі", - дейді Қарин.

Ғарышкерді соңғы сапарға шығарып салуға Айдын Айымбетов, Тоқтар Әубәкіров, Бақытжан Ертай, қорғаныс министрлігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері мен депутаттар, басқа да лауазымды өкілдер келді. Қоштасуға келген халықтың қарасы көп.

Талғат Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. Әр жылдары Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттінің төрағасы, президент кеңесшісі, парламент сенатының депутаты болып қызмет атқарды.

Ол - үш рет айға ұшқан қазақ батыры. Бүгін Алматыда Талғат Мұсабаевты ақтық сапарға шығарып салды.

Марқұм Кеңсайдағы бейітке жерленеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow