Таразда мәслихат депутаты соққыға жығылды

Таразда Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының депутаты Нұрлан Байғазиев соққыға жығылды, деп хабарлайды tiek.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Байғазиев бет сүйектерінің сынықтарымен ауруханаға түскен. Қазіргі таңда ол ауруханада, ота жасауға дайындалып жатыр.
Оқиға Тараз қаласының "Гибрат" кафесінде кеше кешкісін болған, ол Жамбыл облысы полиция департаментінің маңында орналасқан.
Оқиғаның мән-жайы әлі нақты айтылмай отыр. Құқық қорғау органдары мен медициналық қызметкерлер ресми ақпарат берген жоқ.
Тaraznews.kz мәліметінше, депутат әрі заңгер Таразға жұмыс сапарымен келген. Онда клиенттерімен кездесу өткізген.
Осы уақытта оған шабуыл жасалғаны белгілі. Алдын ала болжам бойынша, белгісіз адам кастетпен соққы жасаған.
Сіздің реакцияңыз қандай?






