Таразда моланың ішінен шайтан шықты (ВИДЕО)

Дәл осы сәтте моланың ішінен ешкіге ұқсайтын бір тіршілік иесі атып шығып, әп-сәтте көзден ғайып болады.

Қыркүйек 25, 2025 - 12:48
Қыркүйек 25, 2025 - 12:48
Таразда моланың ішінен шайтан шықты (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде зираттың ішінде жүрген шайтан туралы видео тарап жатыр. Видеоның нақты қайда түсірілгені белгісіз, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.

Видеоның egovpress.taraz инстаграм парақшасынада жарияланғанына қарап оқырмандар оңтүстік өңірлердің бірі деп жорамал жасаған. Видео күндіз түсірілген.

Бейнежазбаны түсіріп тұрған адам «Байқадыңдар ма, ана жерде шайтан тұр!» – деп айғайлайды. Сәлден соң дауыстап аят оқып, артынша «қазір осы шайтанды ұстаймыз!» деп зиратқа ұмтылады. Дәл осы сәтте моланың ішінен ешкіге ұқсайтын бір тіршілік иесі атып шығып, әп-сәтте көзден ғайып болады.

«Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті: бірі «жын шынымен көрінген» десе, енді бірі «бұл жай жануар» деп санайды. Ал кейбірі «біреудің әзіл үшін жасаған әрекеті болуы мүмкін» деген пікір айтады. Дін өкілдері мұндайда қорыққан кезде «Аятул Курси», «Ихлас», «Фалақ», «Нас» сүрелерін оқу – ең сенімді қорған дейді. Сіз қалай ойлайсыз, бұл шын тылсым құбылыс па, әлде жай ғана әзіл ме?», - деп жазған аталмыш дерек көзі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Егов Пресс Тараз | info 24/7 (@egovpress.taraz)

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow