Кезекті жеңіс! Қазақстандық тау шаңғышысы Италияда күміс жүлдегер атанды

Қаңтар 29, 2026 - 12:04
Қаңтар 29, 2026 - 14:23
 0  2
Кезекті жеңіс! Қазақстандық тау шаңғышысы Италияда күміс жүлдегер атанды
Фото: Olympic.kz

Қазақстан құрамасының өкілі Александра Скороходова Италияның Поцце-ди-Фасса қаласында өткен тау шаңғысынан халықаралық Ашық чемпионатта күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Отандасымыз слалом бағдарламасы бойынша өткен тартысты бәсекеде мәре сызығын екінші болып қиып, ел қоржынына күміс медаль салды.

Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды италиялық Франческа Фанти иеленсе, үздік үштікті оның жерлесі Валентина Филл түйіндеді. Айта кетейік, Александра бұған дейін FIS халықаралық турнирінде «алтын» олжалады.

Olympic.kz мәліметінше, Скороходова 2026 жылы өтетін Қысқы Олимпиада ойындарында еліміздің намысын қорғайды. Жеңімпаз ару бұл қуанышты жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында да бөлісті:

«Төртжылдықтың басты додасында Қазақстан намысын қорғау мен үшін үлкен мәртебе. Бұл — көп айлық қажырлы еңбек пен жүйелі дайындықтың нәтижесі», — деп жазды Александра Скороходова (@_skorokhodova_a).

Айта кетейік, спортшы биылғы Олимпиадада бағдарламаның үш дисциплинасы бойынша бақ сынайтын болады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0