«Тегін болса, жетіп барады»: Маңғыстауда йогурт тиелген жүк көлігі аударылып, жүргізуші тауарды тегін таратты

Желтоқсан 15, 2025 - 16:43
 0  3
«Тегін болса, жетіп барады»: Маңғыстауда йогурт тиелген жүк көлігі аударылып, жүргізуші тауарды тегін таратты
Фото: видеодан скрин

Маңғыстау облысында жүк көлігі аударылған жерде түсірілген видео желіде таралды. Жүргізуші жол-көлік оқиғасынан кейін тиелген йогуртты тегін таратып жіберген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желіде жол-көлік оқиғасы болған жерде түсірілген видео тарады. Онда Маңғыстау облысында йогурт тиеген жүк көлігі аударылып қалғаны және жүргізуші өнімді алғысы келгендерге тегін таратып бергені айтылған. Кадрлардан кей адамдар көліктерінің жүксалғышын йогурт қораптарымен толтырып жатқанын байқауға болады.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне жол-көлік оқиғасы болғанын растады.

"Жүргізуші көлікті игере алмай, жолдан шығып кетті. Жүк көлігі аударылып қалды. Жүргізушіге қатысты хаттама толтырылды. Зардап шеккендер жоқ", - деді департаменттің баспасөз қызметі өкілі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0