Тележүргізуші Ерқанат Көпжасарұлы басшылық қызметке тағайындалды

Тамыз 3, 2026 - 15:24
chat_bubble  0 visibility  23
Тележүргізуші Ерқанат Көпжасарұлы басшылық қызметке тағайындалды

Тележүргізуші Ерқанат Көпжасарұлы «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Алматы қалалық филиалының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Sadaq.kz. Бұл туралы телерадиокорпорацияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ерқанат Көпжасарұлы 1987 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2012 жылы Қазақ радиосының «Әлеумет» редакциясында редактор болып бастаған. Кейін Қазақ радиосының Алматы студиясында редактор қызметін атқарды. 

2017-2022 жылдар аралығында «31 канал» телерадиокомпаниясының «Информбюро» ақпараттық бағдарламалар бөлімінде жетекші тілші болды.

2022 жылдан бері «Қазақстан» телерадиокорпорациясында, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының бағдарламалар өндірісі жөніндегі дирекциясында продюсер-жүргізуші және «Ашық алаң» бағдарламасының жүргізушісі қызметін атқарып келді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0