«Тыйым бар»: Мереке күндері фейерверк атуға бола ма?
Қазақстандықтарға мерекелерде фейерверк атуға бола ма деген сұраққа ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов жауап берді. Оның айтуынша, елде шағын салюттерді қолдануға тыйым салынбаған, деп жазады Sadaq.kz.
«Аула тазалығын бұзбайтын, басқа азаматтарға қауіп төндірмейтін шағын фейерверктерге қатысты біз ешқандай кедергі көріп отырған жоқпыз. Алайда адамдардың өміріне, денсаулығына, азаматтардың мүлкіне қауіп төндіретін тыйым салынған петардалар бар. Сондай-ақ аулаларды ластайтындары да кездеседі. Мұндай жағдайларда біз Әкімшілік кодекстегі барлық шараларды қолданамыз. Онда құқық бұзушылықтың түріне байланысты қолданылатын баптардың тұтас жиынтығы бар», – деді Әділов мәжіліс кулуарында.
Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі ІІМ-мен бірлесіп, фейерверктер, салюттер мен петардалардың салдарынан жарақат алу мен өрттің алдын алу үшін жаңа жыл алдындағы рейдтер мен тексерулердің ортақ жоспарын келіскенін хабарлаған болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0