Тоқаев "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысты

Маусым 26, 2026 - 15:38
chat_bubble  0 visibility  2
Тоқаев "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысты
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының Щучинск қаласында өтіп жатқан "Айбын" XII халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Биылғы "Айбын-2026" бағдарламасына әскери-спорттық, интеллектуалдық, шығармашылық және әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстар енгізілген. Жиынға Қазақстанның түрлі өңірлерінен, сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан келген 50-ден астам команда қатысып жатыр.

Президент бұл жиынның өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

"Кез келген елдің болашағы – өздеріңіз секілді отаншыл, білімді, еңбекқор, жасампаз және батыл жастардың қолында. Қазақстанның беделін арттырып, көшін алға бастайтын да – жалынды жастар! Мен сіздерге зор үміт артамын!" – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, "Айбын" жиыны еліміз үшін маңызды кезеңде өтіп отыр. Ол Наурыз айында қабылданған Қазақстанның жаңа Конституциясы мемлекет болашағын айқындайтын тарихи құжат екенін айтып, Ата заң ең алдымен жас ұрпақтың игілігі үшін қабылданғанын жеткізді.

Мемлекет басшысы жарысқа қатысқан барлық жастарға ризашылығын білдіріп, олардың ел болашағына қосар үлесіне сенім артатынын айтты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0