Тоқаев: «Энергия тапшылығы – цифрландырудың басты кедергісі»

Ақпан 10, 2026 - 12:39
Ақпан 10, 2026 - 12:51
 0  3
Тоқаев: «Энергия тапшылығы – цифрландырудың басты кедергісі»
Фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық даму жоспарларын жүзеге асыру үшін ең алдымен елдегі энергетикалық дағдарысты шешу керектігін қадап айтты. Президенттің пайымдауынша, тұрақты жарықсыз кез келген жасанды интеллект жобасы бос әурешілік, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы инновациялық технологияларды енгізудің негізгі алғышарттарына тоқталды. Ол деректер орталықтары мен ЖИ модельдерінің үздіксіз жұмысы орасан зор ресурсты талап ететінін атап өтті.

«Жаппай цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту электр энергиясын жеткілікті әрі тұрақты өндірусіз мүмкін емес. Бұл — айқын нәрсе», – деді Президент.

Елдегі ішкі тапшылықтың қауіпті шекке жеткенін Мемлекет басшысы нақты деректермен көрсетті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан өз қажеттілігін өтей алмай, көршілес елдерден 3,7 млрд кВт/сағ электр энергиясын импорттауға мәжбүр болған.

Осыған байланысты Үкіметке цифрлық жобаларды жоспарлағанда, олардың энергия шығынын ескеруді тапсырды. Егер елдегі базалық инфрақұрылым (жарық, жылу) реттелмесе, халықаралық деңгейдегі IT-хабқа айналу туралы амбициялардың орындалуы екіталай.

Сөзін түйіндей келе, Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені Ұлттық құрылтайда да көтергенін еске салып, энергетикалық қауіпсіздікті технологиялық дамудың басты кепілі ретінде бекітті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0