Тоқаев келесі құрылтайды Қызылордада өткізуді ұсынды

Наурыз 14, 2025 - 16:59
 0  38
Тоқаев келесі құрылтайды Қызылордада өткізуді ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын Қызылордада өткізуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Соңғы жылдары біз ұлттық бірегейлігіміздің маңызды факторы – тарих ғылымының дамуына ерекше көңіл бөліп жатырмыз. Бүгінгі Құрылтай тағы бір тарихи белеске тұспа-тұс келді. Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына жүз жыл толып отыр, - деді Президент.

Мемлекет басшысы келісі құрылтайды Сыр бойында өткізуді ұсынды.

Осы ретте Құрылтайдың келесі отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынамын, - деді Президент.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0