Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауазымды қызметкерді босатты

Қазан 3, 2026 - 19:13
chat_bubble  0 visibility  1
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауазымды қызметкерді босатты
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомар Тоқаев Қорғаныс министрінің екі орынбасары мен  Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын лауазымынан босатты,  деп  хабарлайды Sadaq.kz.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

«Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды;

Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды;

Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды»,– делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0