Тоқаев Ұлытау облысындағы кеншілер өлімін мұқият тергеуді тапсырды

Мемлекет басшысы Ұлытау облысында қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Ақпан 18, 2025 - 10:03
 0  39
Тоқаев Ұлытау облысындағы кеншілер өлімін мұқият тергеуді тапсырды
Pixabay.com

Мемлекет басшысы Ұлытау облысында қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Мемлекет басшысы Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді. Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді", - деп хабарлады Ақорда.  

Сондай-ақ, Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы шахтадағы жағдайдың себептерін тергеу және зардап шеккендерге көмектесу жөніндегі арнайы комиссия құрылды.

 Комиссияны премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0