Тоқаев Үндістан Премьер-министріне жеделхат жолдады

Маусым 12, 2025 - 17:26
 0  45
Тоқаев Үндістан Премьер-министріне жеделхат жолдады
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Үндістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге Ахмедабад қаласы әуежайының маңында болған жолаушылар ұшағы апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, апттан 100-ден аса адам қаза тапқан.

Қазақстан президенті әуе апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақындарын сабырға шақырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0