Тоқаев жоғары лауазымды тұлғалардың хаттамалық өтілін бекітті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның топ-шенеуніктерінің хаттамалық еңбек өтілін бекітті, деп хабарлайды Orda.kz.
Тоқаевтың қолданысқа енгізілген 13 ақпандағы жарлығында «Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасы бекітілсін», деп жазылған.
Мемлекетішілік іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының хаттамалық өтілі мынадай:
1. Президент
2. Премьер-министр
3. Парламент сенатының төрағасы
4. Парламент мәжілісінің төрағасы
5. Мемлекеттік кеңесші
6. Президент әкімшілігінің басшысы
7. Бұрынғы президенттер
8. Конституциялық соттың төрағасы
9. Жоғарғы соттың төрағасы
10. Ұлттық банк төрағасы
11. Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы
12. Бас прокурор
13. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
14. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы
15. Президенттің іс басқарушысы
16. Премьер-министрдің орынбасарлары (тағайындалған күні бойынша)
17. Президенттің көмекшілері (тағайындалған күні бойынша)
18. Президент кеңсесінің бастығы
19. Жоғары сот кеңесінің төрағасы
20. Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы
21. Парламент сенаты төрағасының орынбасары
22. Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары
23. Ішкі істер министрі
24. Қорғаныс министрі
25. Сыртқы істер министрі
26. Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
27. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
28. Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін агенттіктердің төрағалары (тағайындалған күні бойынша)
29. Үкімет аппаратының басшысы
30. Министрлер (тағайындалған күні бойынша)
31. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері (тағайындалған күні бойынша)
32. Президенттің кеңесшілері
33. Президенттің арнайы өкілдері
34. Президенттің парламенттегі өкілдігінің басшысы
35. Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасарлары
36. Президент хаттамасы қызметінің бастығы
37. Президенттің баспасөз хатшысы
38. Конституциялық сот төрағасының орынбасары
39. Парламент депутаттары (Тегі әліпбилік тәртіппен)
40. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
41. Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл
42. «Алтын Қыран» орденінің иегерлері және «Халық қаһарманы» және «Қазақстанның Еңбек Epi» атақтарына ие болған адамдар
43. Президент әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (тағайындалған күні бойынша)
44. Конституциялық соттың судьялары (тағайындалған күні бойынша)
45. Жоғарғы сот судьялары (тағайындалған күні бойынша)
46. Төтенше және өкілетті елшілер (тағайындалған күні бойынша)
47. Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл және Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл
48. Сот әкімшілігінің басшысы
49. Ұлттық компаниялардың басшылары
50. Өзге де саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер
51. Қазақстандық саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің басшылары
Халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының хаттамалық өтілі:
1. Президент
2. Премьер-министр
3. Парламент сенатының төрағасы
4. Парламент мәжілісінің төрағасы
5. Мемлекеттік кеңесші
6. Президент әкімшілігінің басшысы
7. Бұрынғы президенттер
8. Сыртқы істер министрі
9. Конституциялық соттың төрағасы
10. Жоғарғы соттың төрағасы
11. Ұлттық банк төрағасы
12. Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы
13. Бас прокурор
14. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
15. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы
16. Президенттің іс басқарушысы
17. Премьер-министрдің орынбасарлары (тағайындалған күні бойынша)
18. Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі
19. Президенттің көмекшілері (тағайындалған күні бойынша)
20. Президент кеңсесінің бастығы
21. Төтенше және өкілетті елшілер (тағайындалған күні бойынша)
22. Жоғары сот кеңесінің төрағасы
23. Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы
24. Парламент сенаты төрағасының орынбасары
25. Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары
26. Қорғаныс министрі
27. Ішкі істер министрі
28. Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
29. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
30. Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін агенттіктердің төрағалары (тағайындалған күні бойынша)
31. Үкімет аппаратының басшысы
32. Министрлер (тағайындалған күні бойынша)
33. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері (тағайындалған күні бойынша)
34. Президенттің кеңесшілері
35. Президенттің арнайы өкілдері
36. Президенттің парламенттегі өкілдігінің басшысы
37. Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасарлары
38. Президент хаттамасы қызметінің бастығы
39. Президенттің баспасөз хатшысы
40. Президент әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі
41. Сыртқы істер министрінің орынбасарлары
42. Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хаттама қызметінің бастығы
43. Конституциялық сот төрағасының орынбасары
44. Парламент депутаттары (мемлекеттік тілдегі тегі әліпбилік тәртіппен)
45. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
46. Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл
47. «Алтын Қыран» орденінің иегерлері және «Халық қаһарманы» және «Қазақстанның Еңбек Epi» атақтарына ие болған адамдар
48. Президент әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (тағайындалған күні бойынша)
49. Конституциялық соттың судьялары (тағайындалған күні бойынша)
50. Жоғарғы сот судьялары (тағайындалған күні бойынша)
51. Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл және Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл
52. Сот әкімшілігінің басшысы
53. Ұлттық компаниялардың басшылары
54. Өзге де саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер
55. Қазақстандық саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің басшылары
Сіздің реакцияңыз қандай?






