Мұз астына кеткен көлікте бір әйел қаза болды: Балық аулау трагедиямен аяқталды

Ақпан 12, 2026 - 13:11
Ақпан 12, 2026 - 13:14
 0  1
Мұз астына кеткен көлікте бір әйел қаза болды: Балық аулау трагедиямен аяқталды
:

Қарағанды облысы, Топар кентінің маңындағы Шерубай-Нұра су қоймасында қайғылы жағдай орын алды. Балық аулауға шыққан ерлі-зайыптылардың сапары қайғылы аяқталды – көлік мұз астына түсіп, 62 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

10 ақпан күні ерлі-зайыптылар су қоймасының үстіне көлікпен шыққан. Алайда, қалыңдығы алдамшы болған мұз темір тұлпардың салмағын көтере алмай, ортасынан опырылған. Көлік су астына батты.

Көлік бата бастағанда ер адам сыртқа шығып үлгерген. Оған медициналық көмек қажет болмады. Өкінішке қарай, 62 жастағы әйел адам су астынан шыға алмады. Құтқарушылардың мәліметінше, оқиға болған жердің тереңдігі шамамен 7 метрді құраған.

Әйелдің денесін су астынан шығару үшін сүңгуірлер бір тәуліктен астам уақыт жұмыс істеді. 11 ақпан күні марқұмның денесі көлік батқан жерден 4 метр қашықтықта табылды.

"Жұбайыммен балық аулауға бара жатқанбыз. Мұздың үстіне шықтым, берік көрінген еді. Көлік бата бастады. Менің шығып үлгеруге шамам келді, ал әйелім шыға алмады. Міне, екі күн іздеп, бүгін таптық", — деді қайғыдан қан жылаған марқұмның күйеуі.

Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мұз үстіне көлікпен шығуға қатаң тыйым салынатынын тағы да еске салады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын толық зерттеп жатыр. Мамандардың айтуынша, биылғы ауа райының құбылмалылығы мұздың құрылымын босаңсытып, оны қауіпті ете түскен.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0