«Төрт дипломым бар»: Айгүл Иманбаева жақсы жаңалығымен бөлісті
Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жақсы жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Өнер иесінің айтуынша, ол PHD алу үшін докторантураға емтихан тапсырған. Ол әрдайым даму мен білім алуды қалайтынын айтып, өнер иелерінің қоғамдағы маңызына тоқталды.
"Қоғамда қалыптасқан өте қате, теріс түсініктер бар. Әртіс – білімсіз, әртіс– клоун дейді. Бұл өте дұрыс емес ұғым. Мен өзім оқығанды, ізденгенді жақсы көремін. Төрт дипломым бар. Докторантураға тапсыру себебім мен 20 жылдық педагогикадағы жұмыс өтіліммен зерттейтін дүние өте көп. Өнердің қоғамдағы қызметі өте маңызды. Өнер адамдары жер дауы, ел дауы болғанда алдыңғы шепке лақтыратын клоун емес. Ақымақ адамдардың қатарында емес. Қоғамда айтары бар, атқаратын міндеті, алып жүретін миссиясы бар мамандық иесі. Ол үшін тек оқу керек, даму керек. Мен доктор деген аты үшін ғана оқымаймын. Артымда қалдыратын дүние болғанын қалаймын", – деді әнші.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0