«Той дегенде қу бас домалайды»: Сөгіс алған су ресурстары министрі тасқын кезінде той жасады

Министр жақында Тоқаевтан сөгіс алған.

Сәуір 16, 2024 - 17:27
Сәуір 16, 2024 - 17:43
«Той дегенде қу бас домалайды»: Сөгіс алған су ресурстары министрі тасқын кезінде той жасады
Коллаж: Ulysmedia

Ulysmedia.kz дереккөздерінің хабарлауынша, өткен демалыс күндері Су ресурстары және ирригация министрі той өткізген, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы. 

«Ол ұлын үйлендірді. Той 26 сәуірге жоспарланған болатын. Ал осы демалыс күні келінінің үйге келген күнін өткізді. Жақында ғана сөгіс алған жоқ па еді», - дейді дереккөз. 

Расында да, 2024 жылдың наурыз айының соңында министр Нұржан Нұржігітов су тасқыны үшін қатаң сөгіс алды. Сонымен бірге ол қызметінен кетпейтінін мәлімдеді.

«Маған қатаң сөгіс жарияланды, ендігі жерде атқарылған жұмыстар жергілікті атқарушы органдармен және Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесе отырып жүргізілуде, шара қолданатын шығар», – деп жауап берді. 

Айтуынша, шешім шығаруға әлі ерте.

«Министр мұндай тасқын су көлемі Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылындағы рекордтық көрсеткіш екенін атап өтті. Тағы да атап өткім келеді, шешім су тасқыны жағдайының алдын алу бойынша жүргізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша қабылданады», - деді Су және ирригация министрі қызметінен кету туралы нақты жауаптан жалтарып. 

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow