«Тойда жүргендей»: Сәкен Майғазиев Асанәлі Әшімовтің жаназасына мобилографпен барған (ВИДЕО)
21 желтоқсанда Қазақстан және КСРО Халық әртісі, «Отан», «Құрмет», «Қазақстанның Еңбек ері» ордендерінің иегері Асанәлі Әшімов өмірден өтті. Атақты актердің қонағасы мен жаназасына Алматыда көп адам жиналды, деп хабарлайды sadaq.kz.
Марқұммен қоштасуға келгендердің қатарында танымал әнші Сәкен Майғазиев те болған. Алайда оның қасына мобилограф ертіп барғаны әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
Желі қолданушыларының айтуынша, қонағасы кезінде мобилограф әншінің кімдермен амандасып, кімдерге көңіл айтқанын үздіксіз түсіріп жүрген. Кейін бұл видео әлеуметтік желіге жүктелген.
Дегенмен, көпшілік тарапынан сын көбейген соң, видео өшірілгені айтылып жатыр. Соған қарамастан, талқылау тоқтамады.
Threads платформасында пікір білдірген оқырмандардың бірі мобилографпен жаназаға баруды орынсыз деп бағалаған. Оның жазбасында «концертте түсірілім жасау – бір мәселе, ал қаралы жиында камера ұстау – басқа» деген ой айтылады.
Пікір иесі сондай-ақ сахна сыртындағы сәттерді де ұдайы түсіру әдетке айналып бара жатқанын тілге тиек еткен. Мұндай контенттің қаралы жиында жариялануы жұрттың көңіліне қаяу түсіретінін жазғандар да бар.
"Сәкен Майғазиевті “Жерлеуге мобилографпен келіп барлығын видеоға түсіріп желіге салды” деп жамандап жазып жатыр. Меніңше жамандаудың керегі жоқ, ол кісінің мәдениеті өскен, бұрын ұлының тойын ақылы көрсеткен болса, бұл жолы (мүмкін туысы болмағандықтан шығар) желіге тегін жүктепті…", - деп жазды Threads қолданушысы.
Аталмыш жазбаның астына желі қолданушылары өз ойларын білдірді.
"Кейінгі кезде Сәкенің өзіне көп алып жүр , көп асаймын деп боқ асамасын", "Сәкен мақтаншақ қой", "Ол да бір тарих қой. Онда тұрған не бар? Әшейін біреудің өлімі емес, тарихи тұлға", "Қаралы күн болса, ол да бір тарих қой. Қайтып қайталанбайтын. Беталды Сәкенді жамандап, қағытып-соғытудың қажеті жоқ. Сәкендей -ақ болып алыңдар!", деді пікір иелері.
Айта кетейік, танымал әнші Асанәлі Әшімовке қатысты жеке парақшасына бес пост жариялаған.
Асанәлі Әшімов қазақ руханиятының дамуына өлшеусіз үлес қосқан, театр мен кино өнерінде биік кәсіби мектеп қалыптастырған дара тұлға ретінде ел жадында қалды. Оның өнердегі ізі бірнеше буынға үлгі болды.
Актер 23 желтоқсанда Алматыдағы «Кеңсай-1» зиратына жерленді. Қоштасу рәсіміне әріптестері, өнер адамдары, қоғам қайраткерлері және қала тұрғындары жиналды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
1
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0