Трамп Ираннан өтемақы талап етті

Тамыз 11, 2026 - 10:15
chat_bubble  0 visibility  1
Трамп Ираннан өтемақы талап етті
Фото: Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Ираннан өтемақы талап етті, Ол бұл шартты келіссөздің күн тәртібіне енгізгенін мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Бұл туралы Трамп Truth Social желісінде жазды. Трамп Иранның талаптары туралы естігенін – Тегеран елге келтірілген залал үшін өтемақы талап еткенін айтты.

Ақ үй басшысының сөзінше, бұл тақырып келіссөз барысында бұрын-соңды көтерілмеген.

"Бірақ бұл қызықты идея, өйткені енді мен де Ираннан жол бойындағы бомбалар арқылы және көптеген қақтығыста өлтірген немесе ауыр жарақаттаған барлық адам үшін өтемақы талап етемін", - деп жазды Трамп.

Ол сондай-ақ бұл талапты болашақ келіссөзге қосуды тапсырғанын мәлімдеді.

"Сонымен қатар Иранмен келіссөзге келетін болсақ, Иран Ливанда, Сирияда, Йеменде және Газада келтірілген залал мен адам шығыны үшін жауап беруге тиіс" - деп қосты Трамп кейінірек.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0