«Трамп КГБ-ның агенті» - ҰҚК бұрынғы төрағасы Мұсаев

Ақпан 21, 2025 - 10:20
Ақпан 21, 2025 - 10:20
«Трамп КГБ-ның агенті» - ҰҚК бұрынғы төрағасы Мұсаев
ЖИ Grok 3/sadaq.kz

Кезінде Рахат Әлиевпен бірге шетел асып кеткен генерал-майор, Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев АҚШ президенті Дональд Трамп туралы тосын мәлімдеме жасады, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.

Әлнұр Мұсаевтың айтуынша, Трамп КГБ-ның агенті болған.

Әлнұр Мұсаев өзінің 1987 жылы Мәскеудегі КГБ-ның 6-шы бөлімінде қызмет еткенін айқан.
«1987 жылы мен Мәскеудегі КСРО КГБ-ның 6 басқармасында қызмет істедім. Басқарма жұмысының ең маңызды бағыты капиталистік елдердің кәсіпкерлерін алдап-арбау болды. Дәл сол жылы біздің басқарма "Краснов" бүркеншік атымен белгіленген АҚШ-тағы 40 жастағы кәсіпкер Дональд Трампты өз арбауына түсірді, - деп жазған ол өзінің , -дeп жaзғaн өзiнiң facebook пaрaқшaсындa. 

Әшкере телеграм арнасының жазуыша,  Доналд Трамп 1987 жылы шілде айының басында әйелі Иванамен бірге Мәскеу мен Петерборға алғаш рет сапарлап келген.
«Бұл сапар КСРО тарапынан арнайы ұйымдастырылады. Сол кездегі Кеңес Одағының АҚШ-тағы елшісі Юрий Дубинин Трамптың Мәскеу сапарын тікелей үйлестіреді. Трамптарды қаладағы Интурист (шетелдіктерге арналған) қонақүйінің “Ленин люксіне" жайғастырады. Қонақүй іс жүзінде КГБ бақылауында болған және бөлмелері тыңдалатын еді...», - деп жазған аталмыш дерек көзі. 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow