Трамп: Зеленский Қырым мен НАТО-дан бас тартса, соғыс тоқтайды

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленский Ресеймен қақтығысты дереу тоқтатуы мүмкін екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл үшін Киев Қырымнан және НАТО-ға мүше болу идеясынан бас тартуы тиіс. Бұл туралы Ақ үй басшысы Truth Socialжелісінде жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Украина президенті Зеленский Ресеймен соғысты бірден тоқтата алады, егер ол қаласа. Немесе соғысуды жалғастыра береді. Қақтығыстың қалай басталғанын еске түсірейік: Қырым Обама тұсында ешқандай оқ атылмай Ресейге өтті. Ал Украинаның НАТО-ға кіруі мүмкін емес. Кейбір нәрселер ешқашан өзгермейді, – деп жазды Трамп.
Сондай-ақ ол 18 тамыз Ақ үй үшін "маңызды күн" болатынын атап өтті. Бұл күні АҚШ президентінің резиденциясында бұрын-соңды болмаған еуропалық көшбасшылар жиналмақ.
Вашингтондағы кездесуге Украина президенті Владимир Зеленскиймен бірге Франция басшысы Эммануэль Макрон, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер, Германия канцлері Фридрих Мерц және Италия премьер-министрі Джорджия Мелони қатысады. Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Лейен де жиынға қатысу жоспарын растады.
Сіздің реакцияңыз қандай?






