Трамптың қолдау деңгейі президенттік мерзіміндегі ең төменгі көрсеткішке түсті

Тамыз 18, 2026 - 09:28
chat_bubble  0 visibility  4
Трамптың қолдау деңгейі президенттік мерзіміндегі ең төменгі көрсеткішке түсті
Фото: Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамптың қызметін қолдайтын америкалықтардың үлесі 33%-ға дейін төмендеді. Бұл оның қазіргі президенттік мерзіміндегі ең төменгі көрсеткіш болды. Мұндай нәтиже Reuters/Ipsos жүргізген сауалнамада анықталған.

Зерттеуге қатысқандардың 64%-ы Трамптың президент ретіндегі жұмысына көңілі толмайтынын айтқан. Ай басында жүргізілген сауалнамада мемлекет басшысының қызметін қолдау деңгейі 35% болған.

Сауалнама америкалықтардың басым бөлігі АҚШ-тың Ирандағы қақтығысқа қатысуы ұзаққа созылады деп есептейтінін көрсетті. Респонденттердің 80%-ы соғыс «ұзақ уақыт жалғасады» деген пікір білдірген. Бұл көзқарасты демократтардың 87%-ы және республикашылардың 71%-ы қолдайды. Ал 16% қатысушы қақтығыс бірнеше апта ішінде аяқталуы мүмкін деп санайды.

Сонымен қатар америкалықтар соғыстың ықтимал салдары мен жанармай бағасының қымбаттауына алаңдайтынын жеткізген. Респонденттердің шамамен бестен бірі ғана Иранмен соғысты ақтауға болатын шығын деп бағалаған.

Экономикаға қатысты сауалнама нәтижесінде демократтар республикашылардан алғаш рет алға шықты. Қатысушылардың 38%-ы экономиканы демократтар жақсы басқарады деп есептесе, 35%-ы республикашыларға басымдық берген.

Reuters/Ipsos зерттеуіне 1166 америкалық қатысқан. Сауалнаманың қателік шегі ±3 пайыздық тармақты құрайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0