Түркістан облысында шала туған сәбидің денесі табылды

Оқиға 7 мамыр күні болды.

Мамыр 10, 2024 - 09:48
Мамыр 10, 2024 - 09:50
 0  68
Түркістан облысында шала туған сәбидің денесі табылды
фото: istockphoto.com

Белгісіз адам нәрестені облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, белгісіз адам ай-күні жетілмей туған сәбиді №2 облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен. 20-21 апталық қыздың өлі денесі қорапшада болған.

«Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:00 шамасында болды. Нәресте табылған соң бірден полиция қызметкерлері шақырылды. Оқиға болған жер тексеріліп, сот-медициналық сараптамаға тағайындалды», - делінген ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 1
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0