Түркияда Ливия Қарулы күштері Бас штабының бастығы отырған ұшақ апатқа ұшырады

Желтоқсан 24, 2025 - 14:38
 0  3
Түркияда Ливия Қарулы күштері Бас штабының бастығы отырған ұшақ апатқа ұшырады
Фото: AFP

Түркияда сейсенбі күні кешке Анкара қаласынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай ұшақ апатқа ұшырады. Бортта Ливия қарулы күштері бас штабының бастығы Мұхаммед Әли Ахмед әл-Хаддад болған.

Оның қаза тапқанын Ливияның Ұлттық бірлік үкіметінің басшысы Абдель Хамид Дбейба растады, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерликаяның мәліметінше, борт нөмірі 9H-DFJ болатын Falcon 50 бизнес-джеті Анкара әуежайынан сағат 20:10-да Триполиге бағыт алған. Алайда ұшақпен байланыс сағат 20:52-де үзілген.

Бұл туралы министр Х әлеуметтік желісінде жазды. Министрдің айтуынша, әуе кемесінің сынықтарын жандармерия бөлімшелері Хаймана ауданына қарасты Кесиккавак ауылының оңтүстігінен шамамен екі шақырым жерден тапқан.

Сондай-ақ апатқа дейін ұшақ бортынан Хаймана ауданында шұғыл қонуға рұқсат сұралғаны хабарланды. Осыдан кейін экипажбен байланыс орнату мүмкін болмаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ бортында бес жолаушы болған. Олардың арасында Ливия қарулы күштері бас штабының бастығы Мұхаммед әл-Хаддад та бар. Апаттың себептері анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0